Жарияланды: 420

2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Өскемендік кәсіпорындар 78,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Өскемендегі кәсіпорындар 78 млрд. 846 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы көлемнің 47,8%-іне тең. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,1%-ке артты. Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі - 95,0% - 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 87,0%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 11 айында 68,609 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,9%-ке артты. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 61,7%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 5,5%-ке, мыс өндіру көлемі 19,3%-ке өсті. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 3%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 5,4%-ке кеміді. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 8,1%-ке азайды. 2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 2,065 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 14,6%-ке азайды. Сонымен бірге, 26,202 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,5%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 62,3%-ке кеміді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін