Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,1%-ке артты.
Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі — 95,0% — 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 87,0%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 11 айында 68,609 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,9%-ке артты.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 61,7%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 5,5%-ке, мыс өндіру көлемі 19,3%-ке өсті.
2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 3%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 5,4%-ке кеміді. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 8,1%-ке азайды.
2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 2,065 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 14,6%-ке азайды. Сонымен бірге, 26,202 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,5%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 62,3%-ке кеміді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Мәдениет
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр