2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-қараша айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28 млрд. 19 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,6% артық. Бұл туралы облыстық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 357
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы республикалық жалпы инвестиция көлемінде 3,2%-тік үлес иемденіп, 10-орында тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 50,8%-і Өскемен қаласының үлесіне тиеді.

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 26,5% -і өңдеу өнеркәсібіне, 18,5%-і тау-кен өнеркәсібіне арналды.
Инвестицияның 38,7% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 56,4%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның 80,1 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 85,5 процентті құраған болатын), ал 11,3 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы
2,6% ), 7,6 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 2,6%), 1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 4,6%) шығарылды.

Соңғы жаңалықтар