Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың 9 айында темір жол көлігі қызметтері тарифтерінің өсуі — 14,4%, республика ішіндегі қатынастарда — 23,3%, халықаралық қатынастарда — 9,3% құрады. Магистралды құбырдағы тарифтер — 6,1%, мұнайды тасымалдауда — 10,8% өскен, ал газды тасымалдауда өзгерген жоқ. Әуе жолы көлігінің қызметтері жыл басынан бері кезеңде — 1,7%, автожолдікі — 0,9% қымбаттаған. Авиалайнерлермен жүктерді республика ішінде жеткізу тарифтері едәуір — 4,7%, автомобильдермен — республикадан тыс жерлерге 2,5% өсті.
Биылғы 9 айда өнеркәсіп саласының кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтердің тарифі 0,9%-ке өсті. Аса көп өсім электр энергиясын тасымалдауда — 2,8%, ал 2,5% төмендеу — мұнай мен газды өндіруде тіркелген. Суық суды қайта бөлу қызметтері — 2,1%, газеттерді басып шығаруда — 0,8% қымбаттады, ал машиналар мен жабдықтарды жөндеуде — 0,7%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен жабдықтауда — 0,5% арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі — 0,9%, электр байланыс — 0,6%, ұлттық пошта — 9,3% қымбаттады. Сәлемдемелерді жіберу тарифтері — 26,6%, ел ішінде — 28,6%, шет елге — 3,6%, баспасөзді жеткізуде — 19,7% өсті. Ағымдағы жылдың шілдесінен бері телефонды желіге қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.