2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 10,4% қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 10,4% қымбаттады

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 10,4% қымбаттады

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 10,4% қымбаттады. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің көтерілуі олардың теміржолмен жүк жеткізуге өсуімен байланысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 516
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың 9 айында темір жол көлігі қызметтері тарифтерінің өсуі — 14,4%, республика ішіндегі қатынастарда — 23,3%, халықаралық қатынастарда — 9,3% құрады. Магистралды құбырдағы тарифтер — 6,1%, мұнайды тасымалдауда — 10,8% өскен, ал газды тасымалдауда өзгерген жоқ. Әуе жолы көлігінің қызметтері жыл басынан бері кезеңде — 1,7%, автожолдікі — 0,9% қымбаттаған. Авиалайнерлермен жүктерді республика ішінде жеткізу тарифтері едәуір — 4,7%, автомобильдермен — республикадан тыс жерлерге 2,5% өсті.

Биылғы 9 айда өнеркәсіп саласының кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтердің тарифі 0,9%-ке өсті. Аса көп өсім электр энергиясын тасымалдауда — 2,8%, ал 2,5% төмендеу — мұнай мен газды өндіруде тіркелген. Суық суды қайта бөлу қызметтері — 2,1%, газеттерді басып шығаруда — 0,8% қымбаттады, ал машиналар мен жабдықтарды жөндеуде — 0,7%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен жабдықтауда — 0,5% арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі — 0,9%, электр байланыс — 0,6%, ұлттық пошта — 9,3% қымбаттады. Сәлемдемелерді жіберу тарифтері — 26,6%, ел ішінде — 28,6%, шет елге — 3,6%, баспасөзді жеткізуде — 19,7% өсті. Ағымдағы жылдың шілдесінен бері телефонды желіге қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.

Соңғы жаңалықтар