2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді

2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндірушілердің әр түрлі арналармен өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 5,1%-ке көтерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 29 Қазан 2003
  • 465
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы өніміне бағалар деңгейі 10,2% көтерілді, мал шаруашылығы өніміне — 1,5% төмендеді.

Жыл басынан бергі кезеңде астық дақылдары — 10%, ал бидай — 11,2%, қарақұмық — 8,2%, күріш — 7,2%, сұлы, қарабидай және жүгері -5,2-5,5%, арпа — 1,5% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде көкөніс өнімдері мен картоп бағасы 14,1-14,2% өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен салыстырғанда тұтыну рыногында бағаның қозғалысы жылдамырақ болды. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде қырыққабат ауылда — 26%, бөлшек саудада — 38%, қызылша мен сәбіз — тиісінше 11% және 21-28%, пияз — 6% және 28% қымбаттады, ал қызанақ 15% және 1,1% арзандаған. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде осы рыноктарда пияз бен қызанаққа бағалар алшақтығы 2,7-3,3 есе, қызылша, картоп және сәбізге 1,4-1,9 есе болды.
Қой етінің бағасы едәуір — 12,7% өскені, ал құс етінің бағасы — 3,7%-ке төмендеуі байқалған. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жылқы етінің бағасы — 9,2%, ірі қара мал етіне — 3,2%, шошқа етіне — 0,2% өскен.

Соңғы жаңалықтар