2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздегі ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 459,2 млрд. теңге құрап, өткен жылғыдан 3,7 %-ке артты
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тұтастай республика бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 459,2 млрд. теңге құрады, бұл 2002 жылғы осы кезеңдегіден 3,7 % артық.Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады. |
Үстіміздегі жылдың 8-қазанындағы жағдай бойынша, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, тұтастай республика бойынша егістік алқаптардың 99,4%-інен (13652,4 мың га) астық жиналған. Дәнді дақылдар Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында толық орылып, жиналып бітті.
Дәнді дақылдардың өнімділігі (бастапқы кіріске алу салмағы) бір гектардан 12,6 центнер құрады. Астықты бір гектардан бастыру Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өсті.
Дәнді дақылдар тұқымын жаңа астықтан себу барлық жерлерде жүріп жатыр.
8-қазандағы жағдай бойынша 1974 мың тонна немесе мұқтаждыққа 99,7% тұқым әзірленген. Тұқым себу Алматы және Қызылорда облыстарынан басқа барлық облыстарда толық аяқталған.
Үстіміздегі жылдың 1-қазанындағы жағдай бойынша өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны (7,1%), қой мен ешкі саны (8,4%), шошқа саны (3,8%), жылқы саны (4,6%), түйе (3,9%) және құс саны (4,9%) өсті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде ет өндірісі көлемінің өсуі 2002 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде байқалуда. Ең көп өсімге Алматы және Астана қалаларында қол жеткізілді (20%).
2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде сүт өндірісінің өсуі 2002-жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда Алматы қаласы мен Маңғыстау облысынан (төмендеуі тиісінше 3,2 және 9,4%) басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге Жамбыл облысында қол жеткізілді (10,1%).
2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде жұмыртқа өндірісінің өсуі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда Қазақстанның 10 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Қызылорда облысында қол жеткізілді (39,5%).
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін