2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өскемендік кәсіпорындар 62,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өскемендік кәсіпорындар 62,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өскемендік кәсіпорындар 62,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өскемендегі кәсіпорындар 62 млрд. 338 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы көлемнің 47,6%-іне тең. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2003
  • 459
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,0%-ке артты.

Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі — 95,4% — 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 87,2%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 9 айында 54,335 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,9%-ке артты.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 58,6%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 5%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 9,9%-ке, мыс өндіру көлемі 13,1%-ке өсті.
2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 28%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 7%-ке кеміді. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 10,8%-ке азайды.
2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 1,759 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 10,4%-ке азайды. Сонымен бірге, 21,220 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,7%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 64,1%-ке кеміді.

Соңғы жаңалықтар