2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері 1,096 триллион теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері 1,096 триллион теңге болды

2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері 1,096 триллион теңге болды

2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері қазіргі баға бойынша 1,096 триллион теңге болды . Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,5 процент артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

  • 13 Маусым 2003
  • 465
Фото - Caravan.kz

Тау-кен өнеркәсібіндегі өнім мөлшері 11,8 процентке , ал өңдеу өнеркәсібінде 7 процентке, электр қуаты, су және көгілдір отын өндіру және тарату көлемі 8,7 процентке артты.

Ауылшаруашылығындағы жалпы өнім мөлшері 92,7 млрд. теңгені құрап , өсім 5 процент болды. Транспорттық емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тарапынан тасымалданған жүк көлемін ескергенде, жалпы жүк тасымалы ауқымы 596,5 миллион тоннаны құрады (өсім 9,2%). Бөлшек сауда айналымы мен қоғамдық тағаммен қамтамасыз ету көлемі 365,2 млрд. теңгеге жетті (өсім 9,9%).
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 314,3 млрд. теңгені құрады , бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11,6 процентке артық.
1-мамырдағы жағдаймен Республикада 181,45 мың шаруашылық субьектісі тіркелген, оның 136,45 мыңы жұмыс істейді. Олардың арасында шағын заңды тұлғалар саны 124,9 мың . Заңды тұлғалар арасында шағын кәсіпорындар саны 101,68 мың, соның ішінде шағын бизнес субьектісі — 88,6 мың.