2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6,24 млрд. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6,24 млрд. долларды құрады

2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6,24 млрд. долларды құрады

Кедендік статистика мәліметтеріне жүгінсек, 2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6,244 млрд. долларды құрады. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 40 процент артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігі 12-маусымда таратқан хабарламада айтылған.

  • 13 Маусым 2003
  • 510
Фото - Caravan.kz

Экспорт ауқымы 55 процентке артып, 3,93 млрд. долларды, импорт ауқымы 22 проценке артып, 2,3 млрд. долларды құрады.

ҚР қаржы министрлігінің жедел ақпаратына сәйкес , ҚР мемлекеттік бюджетіне түскен түсімдер көлемі 1-мамырдағы жағдаймен 357,0 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2002-жылдың осы мерзімінен 45,2 процентке артық. Шығындар мен несиелер көлемі 285,3 млрд. теңгені құрады (өсім 32,9%). Берілген несиелерді қоса есептегенде, қазіргі бюджет сальдосы 71,7 млрд. теңгені құрады.
Есеп берген кәсіпорын және ұйымдар мәліметіне сәйкес, 2003-жылдың сәуір айында кіріс көлемі 55,6 млрд. теңгені құрады, бұл былтырғы осы мерзім көрсеткішінен 22,2 процент артық. Пайдалылық деңгейі 22,9 процент болды. Есептерін ортаға салған кәсіпорындар мәліметіне сәйкес, шығынды жұмыс істеген кәсіпорындар үлесі 39,1 процентті құрады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне жүгінсек, 1-мамырда ел экономикасының әр саласына екінші деңгейдегі банктердің бөлген несие көлемі 736,8 млрд. теңгені құрады. Осындай несиелер көлемінің тұрақты арта түсу ағымы байқалып отыр. Жалпы кредиттік салымдар арасында орта және ұзақ мерзімді несие көлемі 57,5 процент, шетелдік валютамен берілген несиелер көлемі 61,7 процент болды. 1-мамырда банк жүйесіндегі депозиттер 649,6 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 42,6 процентке артық, соның ішінде тұрғындар салымының көлемі 272,8 млрд. теңгені құрады (өсім 35,8%). .

Соңғы жаңалықтар