2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгеден асты

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгеден асты

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. 194 млн. теңгені құрады (Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 46,3 %). Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,2% артық. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 21 Тамыз 2003
  • 356
Фото - Caravan.kz

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 55,5% -і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына, 43,3%-і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға жұмсалды.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның 89,4 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 86,2 процентті құраған болатын), ал 0,4 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы 0% ), 10,1 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 13,8%), 0,1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 0%) шығарылды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияны құрылымдық тұрғыдан алсақ, 56,7 проценті өңдеу өнеркәсібіне, 16 проценті көлік және байланыс саласына, 6,2 проценті электр энергиясы, газ және су тарату саласына салынды.