2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде көмір өндіру мөлшері 1,2 есе, шикі мұнай өндіру мөлшері 7,8 процентке, темір кенін өндіру көлемі 11,4 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде көмір өндіру мөлшері 1,2 есе, шикі мұнай өндіру мөлшері 7,8 процентке, темір кенін өндіру көлемі 11,4 процентке өсті

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде көмір өндіру мөлшері 1,2 есе, шикі мұнай өндіру мөлшері 7,8 процентке, темір кенін өндіру көлемі 11,4 процентке өсті

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында еліміздің тау-кен өнеркәсібінде өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда шикі мұнай өндіру көлемі 7,8%-ке, темір кенін өндіру көлемі 11,4%-ке, табиғи көгілдір отын өндіру мөлшері 16,4%-ке өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 594
Фото - Caravan.kz

Есепті мерзімде өңдеу өнеркәсібінде мұнай өнімдерін өндіру мөлшері 17,5%-ке, ферроқорытпалар өндіру 14,6%-ке, темір мен болаттан жалпақ прокат өндіру мөлшері 3,7%-ке өсті. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін өндіру мөлшері де 10,1%-ке, ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау ауқымы 7,7%-ке артты. Машина жасау саласындағы өсім 14,4%-ті, қара металлургия саласында 11,9%-ті, химия өнеркәсібіндегі өсім 3,4%-ті құрады.

Үстіміздегі жылдың алғашқы 8 айында электр қуатын өндіру мөлшері 9,8%-ке, жылу энергиясын өндіру 7%-ке артты.