Жарияланды: 450

2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті құрады

2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен.

Қарашада азық-түлік тауарлары 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер - 1,2%-дан қымбаттады. Жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы мен тарифтері 5,8%-ға, азық-түлік тауарлары - 5,6%-ға, азық-түлік емес тауарлары - 6,6%-ға, ақылы қызметтер - 5,5%-ға өсті. Агенттіктің хабарлауынша, 2003-жылдың 11 айында баға мен тариф өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға, азық-түлік тауарлары - 7,0%-ға, азық-түлік емес тауарлары - 6,8%-ға, ақылы қызметтер - 5,0%-ға өсті. Азық-түлік тауарлары ішінен өткен айда бағаның өсуі бидай ұнына - 2,7%, нанға - 2,2%, макарон өнімдеріне - 1,7%, жармаларға - 0,5% байқалды. Баға сүт өнімдеріне 5,9%, сүтке - 9,3%, сүзбеге - 6,7%, қаймаққа - 5,5%, айранға - 3,5% өсті. Жемістер мен көкөністер бір айда 6,5%-ға, жұмыртқа - 11,1%-ға қымбаттады. Баға деңгейі ет өнімдеріне 0,2%, балыққа - 0,8%, қантқа - 2,6%, мал майына - 2,7% өсті. Үстіміздегі жылдың қарашасында баға азық-түлік емес тауарлары тобында киімге 0,8%, маталар мен баспа басылымдарына - 0,6%-дан, аяқкиімге, тұрмыстық тоқыма бұйымдарына, автокөлік құралдарына, жеке гигиена тауарларына - 0,5%-дан, ыдыс-аяққа - 0,3% өсті. Көмір 9,0%-ға, бензин - 6,2%-ға қымбаттады. Жолаушылар көлігінің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу 4,5%-ға, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтеріне - 1,6%-ға, тұрғын үй-коммуналдық саланың қызметтеріне - 0,7%-ға, мәдениет қызметтеріне - 0,3%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,2%-ға өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін