2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті  құрады

2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті құрады

2003-жылдың қараша айында еліміздегі инфляция 1,6%-ті құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

Қарашада азық-түлік тауарлары 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер — 1,2%-дан қымбаттады.

Жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы мен тарифтері 5,8%-ға, азық-түлік тауарлары — 5,6%-ға, азық-түлік емес тауарлары — 6,6%-ға, ақылы қызметтер — 5,5%-ға өсті.
Агенттіктің хабарлауынша, 2003-жылдың 11 айында баға мен тариф өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға, азық-түлік тауарлары — 7,0%-ға, азық-түлік емес тауарлары — 6,8%-ға, ақылы қызметтер — 5,0%-ға өсті.
Азық-түлік тауарлары ішінен өткен айда бағаның өсуі бидай ұнына — 2,7%, нанға — 2,2%, макарон өнімдеріне — 1,7%, жармаларға — 0,5% байқалды. Баға сүт өнімдеріне 5,9%, сүтке — 9,3%, сүзбеге — 6,7%, қаймаққа — 5,5%, айранға — 3,5% өсті. Жемістер мен көкөністер бір айда 6,5%-ға, жұмыртқа — 11,1%-ға қымбаттады. Баға деңгейі ет өнімдеріне 0,2%, балыққа — 0,8%, қантқа — 2,6%, мал майына — 2,7% өсті.
Үстіміздегі жылдың қарашасында баға азық-түлік емес тауарлары тобында киімге 0,8%, маталар мен баспа басылымдарына — 0,6%-дан, аяқкиімге, тұрмыстық тоқыма бұйымдарына, автокөлік құралдарына, жеке гигиена тауарларына — 0,5%-дан, ыдыс-аяққа — 0,3% өсті. Көмір 9,0%-ға, бензин — 6,2%-ға қымбаттады.
Жолаушылар көлігінің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу 4,5%-ға, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтеріне — 1,6%-ға, тұрғын үй-коммуналдық саланың қызметтеріне — 0,7%-ға, мәдениет қызметтеріне — 0,3%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне — 0,2%-ға өсті.

Соңғы жаңалықтар