«Басқа институттар секілді біздің университетке де Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасының бірнеше бабының жобасын жасау жөнінде тапсырма берілген. Біздің болжауымызша, заң бойынша әрбір кенішке және әрбір жеке инвесторға қатысты нақты талаптар аясы анықталуға тиіс»,- деді Е.Нұрпейісов.
«Ең бастысы, заңда Қазақстанның ұлттық мүддесі көрініс табуы тиіс. Онда Қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін салық салу тәртібі нақты дәйектелуі қажет»,- деді проректор.