В.Тильдің айтуынша, «тамыз айында экспорт көлемі 53 мың тоннаны құраған. Жыл соңына дейін Қытайға хром экспорттау ауқымы тағы да арттырылады».
Қазіргі таңда Қазақстанның хром кенін негізінен Ресей, Украина және Қытай елдері тұтынады. Атап айтсақ, В.Тильдің мәліметі бойынша, жыл сайын Ресейдің Серов, Новотроицк және Челябі зауыттарына 600 мың тонна хром кені экспортталады. Алдағы уақытта Ресейге шығарылатын кен мөлшерін айына 900 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз,- дейді В.Тиль. Ал Қазақстанның Украинаға шығаратын хром кенінің мөлшері жылына 12 мың тоннаны құрайды.
Хром кенінің барланған қор мөлшері бойынша Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасынан кейін екінші орынды иемденеді. Оңтүстік Кемпірсай кенішіндегі хром кенінің қоры 300-1500 метр тереңдіктегі кен шөгінділерін құрайды. Олардың кейбіріндегі кен қоры 60 млн. тонаға жетеді.