Өткен айда ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 160 мың баррельге дейін арттырып, тәулігіне 26,66 млн. беррельге жеткізді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің хабарлауынша, картельге мүше елдерде қыркүйек айында мұнай өндіру көлемінің артуы өнім мөлшерін тәулігіне 380 мың баррельге жеткізген Ирак есебінен қамтамасыз етілді.
Ал Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2003-жылғы мұнайға әлемдік сұраныс көлемі күніне 78,4 млн. баррель көлемінде өзгеріссіз қалды. Бұл — 2002-жылғы көрсеткіштен 1,11 млн. баррельге артық. 2004-жылы агенттік сұраныс көлемі тәулігіне 1,05 млн. баррельге артады деп болжайды.