2003-жылдың қыркүйек айында үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекітеді -ҚР экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қыркүйек айында үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекітеді -ҚР экономика министрлігі

2003-жылдың қыркүйек айында үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекітеді -ҚР экономика министрлігі

2003-жылдың қыркүйек айында үкімет шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекітеді. Бұл туралы бүгін, 11-тамызда Талдықорғанда өткен шағын қалаларды дамыту жөніндегі республикалық семинарда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтық саясат және бюджетаралық қарым-қатынас жөніндегі департаментінің директоры Ардақ Амангелдиев хабарлады.

  • 11 Тамыз 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, еліміздегі шағын қалалардың экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы дербес стратегиялар аталмыш бағдарламаға арқау етіп алынады.

А.Амангелдиев осы орайда, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға еліміз үкіметі үш жылда 7,5 млрд. теңге бөлуді жоспарлағанын жеткізді. Соның ішінде 1,5 млрд. теңге шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық қорын ұлғайтуға, 750 млн. теңге (әр қалаға 15 млн. теңгеден) шағын қалаларға мақсатты трансферт ретінде бөлуге арналмақшы. Бұл қаржы шағын қалалардағы сумен қамтасыз ету, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарын салуға жұмсалады.
А.Амангелдиевтің атап көрсеткеніндей, үкімет бұл бағдарламаға инстуционалдық, ұйымдастырушылық және жартылай қаржыландырушы ретінде қолдау көрсетеді. Еліміздегі барлық шағын қалалар бүгінге дейін жеке даму концепциясын ҚР үкіметіне тапсырып үлгерген.
Департамент директорының хабарлауынша, шағын қалаларға қолдау көрсету шаралары аясында, ҚР бюджеттік кодексінің жобасына тиісті ережелер енгізіледі. Соған сәйкес, облыстық және аудандық деңгейдегі бағынышты қалалардың бюджеті меншік, жер, су ақысы, акциздік алымдар және көлік салығы негізінде жергілікті жерлерде қалыптасады. Сондай-ақ, қаладағы әлеуметтік және кіріс салығының 50 процентін жергілікті бюджеттің қоржынында қалтыру жоспарланған. Сондай-ақ, кодексте шағын қалалардың үш жылдық шығын нормативі туралы ереже қарастырылады. Соның нәтижесінде, А.Амангелдиевтің пікірінше, шағын қалалардың бюджеті біршама тұрақтанып, «әр қаланың өз саясатын жүзеге асыруға қажетті өзіндік қоры қалыптасады», ал «белгілі бір аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесін ҚР Ата заңына сәйкес тиісті атқарушы және өкілетті органдар шешетін болады».