2003-жылдың желтоқсан айында елімізде іскер әйелдердің форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың желтоқсан айында елімізде іскер әйелдердің форумы өтеді

2003-жылдың желтоқсан айында елімізде іскер әйелдердің форумы өтеді

2003-жылдың 10- желтоқсанында Қазақстанның іскер әйелдерінің форумы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Р.Сәрсенбаеваның айтуынша, форумға үкіметтік емес әйелдер ұйымдарының, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысады.

Бас қосудың басты мақсаты — кәсіпкер-әйелдер мен мемлекеттік құрылымдар арасында диалог орнату болмақ.
Сондай-ақ, Р.Сәрсенбаеваның айтуынша, форум аясында Қазақстанда тұңғыш рет әйелдердің қол жеткізген табысын қоғам тарапынан мойындауға арналған «Ажар» атты ұлттық сыйлықты табыс ету көзделіп отыр. Бірнеше күннен кейін мәреден шығатын бұл байқауға әртүрлі мамандық иелері қатыса алады. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде 10 әйел іріктеліп, олардың есімі еліміздегі ең таңдаулы 100 әйелдің қатарында сыйлықпен аттас «Ажар» журналына жазылады. Олардың арасындағы жеңімпаз «Ажар» атты мүсінге ие болады.
Р.Сәрсенбаеваның айтуынша, сыйлық жыл сайын табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар