2003-жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,8%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына — 7,1%, азық-түлік емес тауарларға — 6,9%, ақылы қызметтерге — 5,9% өсті. 2003-жылдың желтоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағалары 2002- жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,9% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.