Жалпы алғанда бүл көрсеткішті үкімет басшысы «орташа» деп бағалады. Үкімет басшысының айтуынша, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырушы төрт администратор бюджетің шығыс бөлігін 50 проценттен төмен көрсеткішпен орындаған. Ал 9 министрлік бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 50-70 процентті құрады. Осыған байланысты үкімет басшысы министрлерден жұмыс тиімділігін арттыруды талап етті.
«Бізде ресурс жеткілікті, алайда оны игеру деңгейі көңіл көншітіп отырған жоқ, бұл- министрліктердегі басқару деңгейін айғақтаса керек»,- деп атап көрсетті Д.Ахметов.