Жарияланды: 480

2003-жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 31,7%-ке қымбаттады

2003-жылдың желтоқсанында өсімдік шаруашылығы өнімі 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 49,1%-ке, мал шаруашылығы өнімі - 9,3%-ке қымбаттады.

Астық дақылдарын өткізу бағалары - 53%, соның ішінде бидайға - 60,2%, арпаға - 26%, сұлыға - 18%, жүгеріге - 11,1%, қарабидай мен қарақұмыққа -8,2-8,4%, күрішке - 6,3% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады. Өткен жылы картоп бағасы 12,7% (2002 жылы - 6%), көкөніс өнімдері - 16,6% (2002 жылы 1,6% төмен) өсті. Қырыққабат 2002-жылғы 6,4%-ке қарағанда 23,4%, сәбіз - тиісінше, 2,3% және 21,8%, асханалық қызылша - 11,5% және 18,2%, басты пияз - 9% және 11,6% қымбаттады. 2003-жылы мал шаруашылығы өнімдері арасынан жұмыртқаға бағаның ең жоғары қымбаттауы байқалып, ол 21,3% өскен. Ал 2002-жылы жұмыртқа бағасы 0,1% арзандаған еді. Мал мен құс етіне баға 6,8%, ал жылқы және қой етіне- 17,5-17,7%, ірі қара мал етіне - 7%, шошқа етіне - 0,9% өскен, ал құс етіне - 0,4% төмендеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін