2003-жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 31,7%-ке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 31,7%-ке қымбаттады

2003-жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 31,7%-ке қымбаттады

2003-жылдың желтоқсанында өсімдік шаруашылығы өнімі 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 49,1%-ке, мал шаруашылығы өнімі - 9,3%-ке қымбаттады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Астық дақылдарын өткізу бағалары — 53%, соның ішінде бидайға — 60,2%, арпаға — 26%, сұлыға — 18%, жүгеріге — 11,1%, қарабидай мен қарақұмыққа -8,2-8,4%, күрішке — 6,3% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Өткен жылы картоп бағасы 12,7% (2002 жылы — 6%), көкөніс өнімдері — 16,6% (2002 жылы 1,6% төмен) өсті. Қырыққабат 2002-жылғы 6,4%-ке қарағанда 23,4%, сәбіз — тиісінше, 2,3% және 21,8%, асханалық қызылша — 11,5% және 18,2%, басты пияз — 9% және 11,6% қымбаттады.
2003-жылы мал шаруашылығы өнімдері арасынан жұмыртқаға бағаның ең жоғары қымбаттауы байқалып, ол 21,3% өскен. Ал 2002-жылы жұмыртқа бағасы 0,1% арзандаған еді. Мал мен құс етіне баға 6,8%, ал жылқы және қой етіне- 17,5-17,7%, ірі қара мал етіне — 7%, шошқа етіне — 0,9% өскен, ал құс етіне — 0,4% төмендеді.

Соңғы жаңалықтар