2003-жылы өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 0,6% өсті. Аса көп өсім суық суды бөлу қызметтерінде — 4,9%, ал 3,1% төмендеу мұнай мен газ өндіруде тіркелген. Электр энергиясын тасымалдау қызметтері — 2,5%, газ тәріздес отынды бөлуде, машиналар мен жабдықтарды жөндеуде — 2,2%-дан, газеттерді басуда — 1,5%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен қамтамасыз етуде — 0,4% қымбаттады.
Өткен жылы заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі — 1,2%, электр байланыс — 0,5%, ұлттық пошта — 18,5% қымбаттады. Жақын және алыс шет елдерге пошталық жөнелтімдер 22,7% (хаттар — 22,3%, сәлемдемелер — 38,5%), ел ішінде — 15,8% (тиісінше- 8,7% және 57,1%), халықаралық телефон және құжат байланысы — 2,8% қымбаттады, ал телефондарды торапқа қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.