2003-жылы барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 13,5%-ке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 13,5%-ке қымбаттады

2003-жылы барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 13,5%-ке қымбаттады

2003-жылдың желтоқсанында жүкті теміржол көлігімен жеткізу ақысы өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20,2%-ке, республика ішіндегі қатынастарда - 23,3%-ке, халықаралық қатынастарда - 18,5%-ке қымбаттады. Мұнайды тасымалдаудың 10,6% қымбаттауына байланысты магистралды құбырдағы тарифтер 6% өсті. Автожол көлігінің қызметтері 3,4%-ке қымбаттады, ал әуе жолынікі, керісінше, 1,3%-ке арзандады. Жүк тасымалдау тарифтерінің ең жоғары өсуі автомобильдермен алыс шет елдерге жеткізуде (10,2%), ал арзандауы авиалайнерлермен ТМД елдеріне жеткізуде (2,9%) байқалған. Өткен жылы жүк тасымалдау тарифтерінің өзгеруі олардың теміржол көлігінде жеделдетілген қарқынмен өсуіне байланысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

2003-жылы өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 0,6% өсті. Аса көп өсім суық суды бөлу қызметтерінде — 4,9%, ал 3,1% төмендеу мұнай мен газ өндіруде тіркелген. Электр энергиясын тасымалдау қызметтері — 2,5%, газ тәріздес отынды бөлуде, машиналар мен жабдықтарды жөндеуде — 2,2%-дан, газеттерді басуда — 1,5%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен қамтамасыз етуде — 0,4% қымбаттады.

Өткен жылы заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі — 1,2%, электр байланыс — 0,5%, ұлттық пошта — 18,5% қымбаттады. Жақын және алыс шет елдерге пошталық жөнелтімдер 22,7% (хаттар — 22,3%, сәлемдемелер — 38,5%), ел ішінде — 15,8% (тиісінше- 8,7% және 57,1%), халықаралық телефон және құжат байланысы — 2,8% қымбаттады, ал телефондарды торапқа қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.

Соңғы жаңалықтар