Жарияланды: 490

2003-жылы дүниежүзінде 42 журналист өлімге душар болды

Халықаралық "Шекарасыз репортерлар" ұйымының мәліметіне сәйкес, 2003-жылы дүниежүзінде 42 журналист өлтіріліп, 760-ы тұтқындалса, 1460 журналист соққыға жығылды немесе оларға күш қолданылатындығы туралы қоқан-лоққы көрсетілді,- делінген Washington Profile хабарламасында .

2003-жылы журналистерді тұтқындау және өлтіру оқиғалары бұрынғы жылдармен салыстырғанда шарықтау шегіне жетті деп хабарлайды Халықаралық "Шекарасыз репортерлар" ұйымы. Бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан осыған қатысты айрықша күрделі ахуал Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Беларусь республикаларында қалыптасты. 2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен Интернет арқылы цензуралауға келмейтін ақпараттар таратқаны үшін 124 журналист пен 61 адам қамауға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін