2003-жылы елімізде әйелдерге қатысты 25 мың қылмыс жасалды - ресми статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы елімізде әйелдерге қатысты 25 мың қылмыс жасалды - ресми статистика

2003-жылы елімізде әйелдерге қатысты 25 мың қылмыс жасалды - ресми статистика

2003-жылы елімізде әйелдерге қатысты 25 мың қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін, 7-қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің ІҮ форумында сөз сөйлеген ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Айткүл Самақова хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Бұл ресми статистикалық дерек. Ал шын мәнінде мұндай қылмыстар саны әлдеқайда көп, жасырын сипатта болады. Өйткені, зардап шегушілердің басым бөлігі құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінбейді»,- деді комиссия төрайымы.

А.Самақованың хабарлауынша, қазір елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасы жасалуда. «Бұл заң жобасы халықаралық сараптамадан өтті»,- деді ол.
Сондай-ақ, А.Самақованың айтуынша, биыл ҚР ІІМ өз қарамағындағы кәсіптік білім беру мектептерінде гендерлік қылмыстардың алдын алу жөніндегі 10 сағаттық сабақтар енгізді. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тауқыметін шешуде осындай көзқарас ұстанғаны үшін Қазақстан ішкі істер министріне ризашылық білдіргім келеді»,- деді А.Самақова.

Перейти к новостям спорта