Жарияланды: 1600

2003-жылы елімізде еңбек туралы заң мен еңбек қорғау заңнамаларын бұзуға қатысты 115,3 мың оқиға тіркелді - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары 2003-жылы елімізде еңбек туралы заң мен еңбек қорғау заңнамаларын бұзуға қатысты 115,3 мың оқиға тіркеп, оларды жоюға 17 мың нұсқама шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төндіруге байланысты 3 мың станок, машина және жабдықтар мен 209 мың өндірістік нысандардың жұмысы тоқтатылды. Айыппұл түрінде 4,3 мың әкімшілік жаза жүктелді, бұл өткен жылғы көрсеткішен 15 процент артық. Айыппұлдар мөлшері 43,6 млн. теңгені құрап, 2002-жылғыдан 10 млн. теңгеге артты. Заң бұзу оқиғаларының 90 процентін жұмыс берушілер жойды. "Еліміздің көптеген кәсіпорындары мен ұйымдарында жеке еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау, жалақыны дер кезінде өтемеу, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты бермеу үрдістері жылдан-жылға арылмай отыр. Кейбір кәсіпорындарда еңбек ету жағдайлары талапқа сай келмейді, жұмысшыларға қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселесі бойынша нұсқау берілмейді, арнайы оқыту жұмыстары жүргізілмейді, өндірістік қайғылы оқиғалар дер кезінде және обьективті тексерілмейді",- дейді министрліктегілер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін