2003-жылы еліміздегі астық түсімі жылдық статистикалық орташа деңгейінде болады - Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы еліміздегі астық түсімі жылдық  статистикалық орташа деңгейінде  болады - Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы

2003-жылы еліміздегі астық түсімі жылдық статистикалық орташа деңгейінде болады - Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы

2003-жылы еліміздегі астық түсімі жылдық статистикалық орташа деңгейден ауытқымайды. Бұл туралы бүгін, 19-маусымда мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылық министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді.

  • 19 Маусым 2003
  • 658
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір топырақтың ылғалдылық деңгейі бидай мен басқа да дәнді дақылдарды өсіруге айрықша қолайлы жағдай тудырып отыр. Ауылшаруашылық министрлігінің дерегіне сәйкес, биыл республика аумағының басым бөлігінде топырақтың ылғалдылық деңгейі көп жылдық көрсеткіштен артық болды.

«Біздің есебіміз бойынша бұл ылғал шілденің басына дейін жеткілікті, ал әдетте елімізде жаңбырдың ең көп бөлігі шілденің басында жауатыны белгілі»,- деді А.Күрішбаев. «Егер биыл да сол әдеттен ауытқымай , шілдеде жаңбыр көп жауса, орташа жылдық түсім кепілді түрде жиналады»,- деді ол.
Өткен жылы таза салмағымен есептегенде астық түсімі 15,9 млн. тоннаны құрағаны белгілі. Ал жылдың басында ауылшаруашылық министрлігі 2003-жылғы түсім 12,5 млн. тоннаға жетеді деп болжам айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар