2003-жылы еліміздегі инфляция деңгейі 6,5%-тік болжамды көрсеткіштен асып жығылуы мүмкін, ондай жағдайда Ұлттық банктің несиелендіру ақысын арттыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы еліміздегі инфляция деңгейі 6,5%-тік болжамды көрсеткіштен асып жығылуы мүмкін, ондай жағдайда Ұлттық банктің несиелендіру ақысын арттыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды

2003-жылы еліміздегі инфляция деңгейі 6,5%-тік болжамды көрсеткіштен асып жығылуы мүмкін, ондай жағдайда Ұлттық банктің несиелендіру ақысын арттыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды

Қазақстанда 2003-жылы инфляция деңгейі болжамдық көрсеткіштен асып жығылуы мүмкін, ондай жағдайда Ұлттық банктің несиелендіру ақысын арттыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл туралы бүгін, 3-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Тұтастай алғанда, барлығы желтоқсан айында жағдай қандай бағытта өзгеретініне байланысты. Биыл жыл бойына 6,5 проценттік деңгейде сақталған болжамдық көрсеткіштен ауытқымауымыз мүмкін. Алайда, әзірге бұл туралы тап басып айту қиын»,- деді Ұлттық банк төрағасы.

Мәселен, Ұлттық банк қараша айында тұтыным құнының айлық жоғары өсіміне тап келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қараша айында инфляция 1,6%-ті құрады, бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары айлық көрсеткішке саналады.»Мұндай жағдай алаңдаушылық тудырмай қоймайды»,- дейді Г.Марченко. Оның айтуынша, инфляция деңгейінің өсуіне азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауы әсер етті. Өткен жылғы қараша айымен салыстырғанда жылдық инфляция көрсеткіші болжамдық 6,1 проценттен асып, 7,3%-ті құрады.
Осыған байланысты Г.Марченко қазіргідей баға қымбаттау қарқыны сақталған жағдайда Ұлттық банктің ақша-қарыз саясатын қатайтуы мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.
«Қазан және қараша айларындағы ағым одан әрі өрістеген жағдайда біз банк басқармаларының қаңтардағы жиынында Ұлттық банктің несиелендіру ақысын арттыру мәселесін қарауымыз мүмкін»,- деп мәлімдеді Г.Марченко.
«Соңғы 3 жылда тұрақты сақталған 6-6,5 проценттік инфляция жалпы алғанда, пәрменді экономикалық даму жағдайына сәйкеседі, ал одан артуы тиіс емес»,- деді ол. Сондай-ақ, инфляция қарқынын төмендету — баршаның міндеті дегенді ол ерекше атап өтті. «Ұлттық банк өз тарапынан бұл бағыттағы жұмыстарды міндетті түрде жүзеге асырады. Бірақ осынау ортақ іске үкімет те, монополияға қарсы күрес мекемесі де, жергілікті билік те біреу қалмай атсалысуы тиіс»,- деді Г.Марченко.
Осы орайда бас банкир, елімізде жеміс-жидек пен көкөніс бағасының тым қымбаттығы туралы мәселе көтеріп, байбалам сала бастаған үш жылдың ішінде жағдай мүлдем өзгерген жоқ деп баса айтты. «Бұл өнімдерге баға жылына 30 процентке өскен жоғары қарқын күні бүгінге дейін сақталып отыр, ал керісінше көршілес елдерде баға арзандай түсуде»,- деді Ұлттық банк төрағасы. Оның айтуынша, аталмыш тауқыметті шешу үшін республиканың азық-түлік рыногіндегі бәсекелестікті күшейту жұмысын одан әрі жалғастыру керек.

Соңғы жаңалықтар