2003-жылы еліміздегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейі минус 0,34 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы еліміздегі мемлекеттік емес зейнетақы  қорларының зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейі минус 0,34 процентті құрады

2003-жылы еліміздегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейі минус 0,34 процентті құрады

2002-жылдың желтоқсаны мен 2003-жылдың желтоқсаны аралығында еліміздегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша орташа кірістілік коэффиценті минус 0,34 процентті құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында айтылған.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 636
Фото - Caravan.kz

Ал еліміздегі инфляция көрсеткіші 6,8 процент болғаны белгілі. Сөйтіп, 2003-жылы еліміздегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша кірістілік көрсеткіші алғаш рет инфляция деңгейінен төмен болып шықты.

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, есепті мерзімде еліміздегі 15 мемлекеттік емес зейнетақы қорларының 10-ында нақты кірістілік көрсеткіші кері шаманы құрады. Ал мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорында 2003-жылы керісінше нақты кірістілік деңгейі барлық қорлардың арасынан ең жоғары , 1,87 проценттік көрсеткішке жетті.
Мұндай жағдай жеке меншік зейнетақы қорларының доллармен номинацияланған бағалы қағаздарды, ал мемлекеттік зейнетақы қоры теңгемен номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алуына байланысты қалыптасқан. Ал соңғы уақытта ұлттық валютаның долларға шаққанда тұрақты нығаю ағымы орныға түсті. 2003-жылы теңгенің долларға шаққандағы номиналдық нығаюы 8,03 процентті құрады.
Қазір еліміздегі зейнетақы төлемдері бойынша қызмет көлемінің 25 проценті Мемлекеттік зейнетақы қорының үлесінде. 2003-жылдың желтоқсан айындағы жағдаймен елімізде 16 зейнетақы қоры жұмыс істеді, олардың бірі мемлекеттік, ал тағы екеуі корпоративтік қорлар. 2003-жыл басынан бері зейнетақы активтері 32 процентке артып, 356 млрд. теңгені құрады. Салымшылар саны 6,1 млн. адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар