2003-жылы мақсатты инвестициялық трансферт түрінде республикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд. теңге толық игерілмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы мақсатты инвестициялық трансферт түрінде республикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд. теңге толық игерілмей қалды

2003-жылы мақсатты инвестициялық трансферт түрінде республикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд. теңге толық игерілмей қалды

2003-жылы мақсатты инвестициялық трансферт түрінде республикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд. теңге толық игерілмей қалды. Бұл туралы бүгін, 9-маусымда үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2003-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін жария еткен Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2004
  • 615
Фото - Caravan.kz

«Өкінішке орай, республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты инвестициялық трансферттерді жергілікті жерлерде пайдалану тетіктері нақты дәйектелмегендіктен, осындай қаржы жергілікті бюджеттердің есепшотында қалып жатыр. Оларды жергілікті атқарушы органдар одан әрі ағымдағы ұсақ-түйек қажеттіліктерге жұмсап жібереді»,- деді О.Өксікбаев. Оның хабарлауынша, «үкіметтің есебіне сәйкес аталған 2,1 млрд. теңге «толық көлемде игерілген» қаржының есебіне енген».

О.Өксікбаевтың айтуынша, «осындай қаржының көп бөлігі Астанада қалған». Есеп комитеті төрағасының атап көрсетуінше, комитет бүгінге дейін Астана қалалық жергілікті атқару органдарына республикалық бюджеттен мақсатты трансферт түрінде қаржы бөлінген екі бағдарламаны ғана тексеріп үлгерді. Атап айтқанда, Талдыкөлде тазарту коллекторын салу және мемлекеттік қызметкерлерге арнап тұрғын үй салу мақсаттарына қаржы бөлінген. О.Өксікбаевтың айтуынша, аталмыш бағдарламалар бойынша ауқымды қаржы игерілмей қалған. «Соның салдарынан қазір Астанадағы көптеген нысандар жобалық-сметалық құжатсыз салынуда. Ондай жағдай өз кезегінде құрылыс сапасын төмендетіп, бюджет қаржысын тиімсіз әрі мақсаттан тыс пайдалануға апарып соғуда»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта