Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Microsoft өнімдерін сату көлемі бойынша Орталық Азия аймағында бірінші орында тұр. Атап айтсақ, Орталық Азия аймағында сатылатын Microsoft өнімдерінің 88 проценті Қазақстанның, 6 проценті Өзбекстанның, 4 проценті Түрікменстанның, 2 проценті Қырғызстанның үлесіне тисе, Тәжікстан 0 процент үлеске ие.
А.Дәулетовтың айтуынша, биыл Алматыда Microsoft корпорациясының өкілдігі ашылғаннан бері сату көлемі 137,5 процентке өскен.