2003-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық кедені арқылы автокөлік импорттау көлемі екі есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық кедені арқылы автокөлік импорттау көлемі екі есе артты

2003-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық кедені арқылы автокөлік импорттау көлемі екі есе артты

2003-жылдың 11 айында "Шымкент- кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекеті арқылы 6 мың автокөлік енгізілді. Оларды рәсімдеуге кедендік алымға 470 млн. теңге өндіріп алынды. Өткен жылғы осы мерзімде облысқа 3,2 мың автокөлік енгізіліп, 250 млн. теңге алым жиналған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Облысқа импортталан автокөлік құралдарының 56,8 проценті 1991-жылға дейін шығарылған ескі көліктер. Облысқа осындай ескі көліктер әкелу ауқымы биыл едәуір артып, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 140 процентті құрады.

Ал импорттың 27,5 процентін 1998-2003-жылдарда өндірілген көліктер иемденеді. Мұндай көліктерді әкелу мөлшері 29 процентке артты. Олардың 95 проценті Ресейде өндірілген ВАЗ және ГАЗ автокөліктері.
Оңтүстік Қазақстан облысына әкелінетін автокөліктердің 70 проценті жеке тұлғалардың, ал қалғаны автосалондардың үлесінде.
Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасының тіркеу-сынақ бөлімінің бастығы Омархан Жұмановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазір облыста жеке тұлғалардың атында 109 мың, ал заңды тұлғалардың атында 12 мың 78 автокөлік тіркелген.

Соңғы жаңалықтар