2003-жылы өрт салдарынан Алматыда 18 адам қайтыс болды - Өртке қарсы күрес қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы өрт салдарынан Алматыда 18 адам қайтыс болды - Өртке қарсы күрес қызметі

2003-жылы өрт салдарынан Алматыда 18 адам қайтыс болды - Өртке қарсы күрес қызметі

2003-жылы өрт салдарынан Алматыда 18 адам қайтыс болып, 19 адам зардап шекті. Өрт салдарынан келген материалдық шығын 19,94 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан таратқан хабарламада айтылған.

  • 31 Шiлде 2003
  • 493
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың 7 айында Алматыда 517 өрт шықты. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7 процентке кем. Сондай-ақ, өрт салдарынан қаза тапқандар саны 8 адамға, материалдық шығын көлемі 5 есе азайды. Ал өрттен зардап шеккендер саны керісінше 3,5 есе өскен.

Өрт сөндірушілердің жедел әркеттері арқасында 231,87 млн. теңгенің материалдық құндылықтары өрттен құтқарылды.
Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің мәліметіне жүгінсек, өрттің шығуына негізгі себепкер болып отырған факторлар — электр желілері мен электр қондырғыларды техникалық пайдалану және монтаждау ережесін бұзу, сондай-ақ, пештерді дұрыс тұтынбау, отпен абайсыз қатынасу факторлары болып табылады. Өрттің басым бөлігі, яғни, 302 өрт жеке меншік секторда, 44-і транспортта, 27-сі өндірістік нысандарда орын алды.

Соңғы жаңалықтар