2003-жылы Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 4,3 мың адамды жұмысқа орналастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 4,3 мың адамды жұмысқа орналастырды

2003-жылы Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 4,3 мың адамды жұмысқа орналастырды

2003-жылы Өскемен қалалық еңбекпен қамту қызметтеріне 9173 адам (2002-жылы 8371 адам) өтініш білдіріп, олардың 4379-ы жұмысқа орналастырылды. Өткен жылы Өскемен қаласы бойынша азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 48 процентті құрады, бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 4 процентке кем. Бұл туралы қалалық еңбекпен қамту орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2004
  • 663
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда, 2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен қалада 4984 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп отыр. Ресми тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,1 процентін құрады.

Өткен жыл бойына ақылы қоғамдық жұмыстарға 1,5 мың адам тартылса, олардың 1,2 мыңы әйелдер, 24 жасқа дейінгі жастар 290 адамды құрады. Қоғамдық жұмыстардан кейін 205 адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыз 551 адам, соның ішінде 490 әйел, 24 жасқа дейінгі 269 жас еңбек нарығында сұранысқа ие болған 20 мамандық бойынша кәсіби оқытуға жіберілді. Оқудан кейін 215 адам жұмысқа қабылданды.
Сондай-ақ, жастар арасынан 152 адам қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдарға тәжірибе жинақтауға жіберіліп, осыдан кейін 42 адам жұмысқа қабылданды. Жыл бойына 485 жұмыссыз атаулы әлеуметтік көмекке ие болды.
2003-жылы Өскеменде 4895 жаңа жұмыс орны, соның ішінде өнеркәсіп саласында 1215, шағын және орта бизнес саласында 3680 жұмыс орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар