2003-жылы Павлодар облысында ұшақпен патруль жүргізу нәтижесінде 30 орман өртіне тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Павлодар облысында ұшақпен патруль жүргізу нәтижесінде 30 орман өртіне тосқауыл қойылды

2003-жылы Павлодар облысында ұшақпен патруль жүргізу нәтижесінде 30 орман өртіне тосқауыл қойылды

2003-жылы Павлодар облысында ұшақпен патруль жүргізу нәтижесінде 30 орман өртіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың бастығы Николай Руденко хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 554
Фото - Caravan.kz

Биыл облыстық бюджеттен «Ертіс орманы» табиғи қорығының аумағын ұшақпен қадағалау мақсатына 4,8 млн. теңге бөлінсе, өткен жылы бұл мақсатқа 3 млн. теңге бөлінген.

Сонымен бірге республикалық бюджеттен әуеден патруль жасауға бөлінетін қаржы көлемі де ұлғайды. Бұл қаржыға 160 ұшу сағатына тең мерзімде ұшақпен патруль жасауға болады.
«Ұшақпен күзету өрт ошақтарын жедел ауыздықтап, үлкен алқаптардың от құшағына орануына жол бермей оны тез арада жоюға мүмкіндік береді»,- деді Н.Руденко.
Мамыр мен қазан айлары аралығындағы өрт қаупі айрықша артатын кезеңде ұшақпен күзету шарасы жүзеге асырылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы Павлодар облысында 1,5 мың гектар алқаптағы орман от құшағына оранып, өткен жылғы деңгеймен теңесті. «Биыл ауа райы аптап ыстық болғандықтан, өрт қаупі былтырғыдан әлдеқайда көбірек туындады. Алайда орманды алқаптарды ұшақпен күзету нәтижесінде тілсіз жаудың таралуын бақылауда ұстадық»,- дейді Н.Руденко.
2004-жылы Баянауыл Ұлттық табиғи қорығы аумағын ұшақпен қорғауға алу көзделіп отыр.
Құрамына теңдессіз қарағайлы нулы Шалдай және Бесқарағай массивтері қамтылатын «Ертіс орманы» табиғи қорығының аумағы 279 мың гектарды құраса, Баянауыл Ұлттық табиғи қорығының аумағы 50 мың гектарға жетеді.

Соңғы жаңалықтар