2003-жылы Қарағанды облысында түрлі төтенше жағдайлардан 427 адам қаза тауып, 2278 адам зардап шеккен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Қарағанды облысында түрлі төтенше жағдайлардан 427 адам қаза тауып, 2278 адам зардап шеккен

2003-жылы Қарағанды облысында түрлі төтенше жағдайлардан 427 адам қаза тауып, 2278 адам зардап шеккен

2003-жылы Қарағанды облысында 4484 төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар тіркеліп, соның салдарынан 427 адам қаза тауып, 2278 адам зардап шекті. Мұндай мәліметтер өткен жылды қорытындылау үшін Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер басқарушыларының кездесуінде жария етілді.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Мейрам Ысқақовтың айтуынша, төтенше жағдайлардың басым бөлігін бұрынғыдай жол апаттары құрап отыр. Өткен жылы облыс жолдарында 1193 жол апаты болып, соның кесірінен 221 адам мерт болса, тағы 1725-і жараланды.

Төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардың 68 процентін өрт оқиғалары құрап отыр. Өткен жылы облыс бойынша 3069 өрт шықса, оның 73 проценті тұрмыстық сипаттағы өрттер. Өрт салдарынан 86 адам көз жұмды.
2003-жылы өндірістік апаттар мен өндірістерде жарақат алу көріністерінің азаю ағымы байқалды. Соған қарамастан, М.Ысқақовтың айтуынша, облыс аумағындағы кәсіпорындарда 418 қайғылы оқиға болды. Олардың 22-сі адам шығынына душар етті. Адамдардың үлкен топпен қайғылы оқиғаға душар болу көрінісі 6 мәрте тіркелсе, оның төртеуі «Қазақмыс » корпорациясының кәсіпорындарында шықты.
2003-жылы жұмыс барысында қауіпсіздік тәртіптерін бұзуға байланысты 74 мың көрініс тіркелді. Осындай талап бұзғаны үшін 4691 адам жауапкершілікке тартылды.
Түрлі төтенше жағдайлар салдарынан өткен жылы келген тікелей материалдық шығын көлемі 305,6 млн. теңгені құрады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ислам Тоғайбаевтың айтуынша, соңғы жылдарда төтенше жағдайларға байланысты барлық көрсеткіштердің өсу ағымы байқалуына орай облыста жаңаша жұмыс схемасы қабылданды. «Біз көбінесе төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға баса назар аударып келдік. Ал шын мәнінде бұл қызметтердің басты міндеті — төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады. Штабтар жұмысының жаңаша нобайын біз тіпті өткен жылы жасап үлгердік. Оған бақылау және қадағалау жұмыстарының 14 бағыты қамтылған»,- деді И.Тоғайбаев. Оның айтуынша жұмысқа деген осындай көзқарас қазірдің өзінде нәтижесін беруде.

Соңғы жаңалықтар