2003-жылы қаржы полициясының Павлодар облыстық департаменті атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу дерегіне қатысты 94 қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы қаржы полициясының Павлодар облыстық департаменті атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу дерегіне қатысты 94 қылмыстық іс қозғады

2003-жылы қаржы полициясының Павлодар облыстық департаменті атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу дерегіне қатысты 94 қылмыстық іс қозғады

2003-жылы қаржы полициясының Павлодар облыстық департаменті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу дерегіне қатысты 94 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясының Павлодар облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2003
  • 403
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысының бірқатар ауданының тұрғындары халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жасанды құжаттар тапсыру арқылы әрқайсысы 60-70 мың теңгеден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген. Мәселен, Баянауыл ауданының бір тұрғыны жергілікті әлеуметтік қорғау мекемелеріне отбасының кірісіне қатысты жалған құжаттар тапсырып 67 мың теңге алған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің алаяқтық туралы 177-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот аудан тұрғынын кінәлі деп тауып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Қаржы полициясының Павлодар облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, биыл қаржы полициясының қызметкерлері бюджетке 2 млн. 236 мың теңгені кері қайтарды.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2003-жылы Павлодар облысында жалпы көлемі 536 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 56 мыңнан астам адам алады.

Соңғы жаңалықтар