2003-жылы Қазақстан әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда қамауда отырған тұтқындардың санымен дүниежүзінде 6-орын иемденді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Қазақстан әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда қамауда отырған тұтқындардың санымен дүниежүзінде 6-орын иемденді

2003-жылы Қазақстан әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда қамауда отырған тұтқындардың санымен дүниежүзінде 6-орын иемденді

2003-жылдың қаңтарынан бері Қазақстан әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда қамауда отырған тұтқындардың санын қысқарту арқылы дүниежүзінде 3-орыннан 6-орынға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін, 29-қыркүйекте еліміздегі түрмелерге қоғамдық мониторинг жүргізу тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында PRI ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрайымы Вера Ткаченко хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 442
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі таңда «еліміздегі уақытша тергеу қапастары, тергеу изоляторлары мен түрмелерде 65 мыңнан астам тұтқын отыр».

В.Ткаченконың пікірінше, «түрмеге көбінесе еліміздің еңбекке қабілетті жас тұрғындары тоғытылып, гендік қорымызға ауыр соққы болып тиюде. Қазақстанда түрмелердегі ахуалды ізгіліктендіру туралы толғанып қана қоймай, оны нақты жүзеге асыра бастайтын мерзім әлдеқашан жетті «.
«Түрме тек жазалаушы ұйым болудың орнына , қылмыс жасаған адамды қоғамға қайтаруға қызмет ететін маңызды функциясы бар әлеуметтік ұйымға айналуы тиіс»,- дейді В.Ткаченко.
Оның айтуынша, «қоғамнан уақытша аластатылған адамды толыққанды кері қайтаруда бірінші кезекте мемлекет пен қоғам жауапкершілік жүктейді».

Соңғы жаңалықтар