2003-жылы Қазақстанда 244,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Қазақстанда 244,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды

2003-жылы Қазақстанда 244,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Алдын-ала мәлімет бойынша 2003-жылы Қазақстанда 244,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 145,4 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 599
Фото - Caravan.kz

Министрлік өкілдерінің атап көрсетуінше, «республиканың еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс артуы және жұмыссыздықтың азаюы нәтижесінде халықты еңбекпен қамту аясының кеңейе түсуіне жағдай жасалып отыр». ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2003-жылдың 4-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 8,7 процентті құраса, 2002-жылы 9,3 процент болған.

Министрлік мәліметіне сәйкес, еліміздегі кедейлікті азайту бағдарламасы аясында барлығы 154,6 мың адам немесе жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендердің 56,5 проценті, ал ауылдық жерлерде 48,7 мың адам немесе 53,0 проценті жұмысқа орналастырылды. 2002-жылы қоғамдық жұмыстарға 134,0 мың адам тартылса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 140,9 мың адамды құрады. Қоғамдық жұмысқа жұмылдырылғандардың әрбір үшіншісі ауыл тұрғындары. Жұмыссыз 26,4 мың адам кәсіптік оқыту, қайта оқыту және мамандық жетілдіру науқанына қамтылды. 2003-жылы оралмандарды жұмысқа қамту деңгейі 2002-жылғымен салыстырғанда екі есе өсті, тіркеуде тұрған жұмыссыз оралмандардың саны шамамен 30 процентке қысқарды.
Қазіргі жағдаймен елімізде квота бойынша 8 мыңнан астам шетел азаматтары жұмыс істеуде. Министрліктегілердің айтуынша, ұсыныстың жұмыс күшіне деген сұраныстан арту, маман дайындау деңгейінің экономика қажеттіліктеріне сай келмеу, халықтың жекелеген бөлігін, нақтырақ айтсақ, әйелдер, жастар, мүгедектер мен зейнет жасы қарсаңындағы адамдарды жұмысқа орналастырудағы қиындықтар , аймақтық еңбек рыноктарының өзара айырмашылығы, шағын қалалар мен ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы, сондай-ақ, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың квалификациялық-кәсіптік құрылымының сәйкессіздігі тәрізді ағымдар сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар