Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2003-жылы тапсырыспен кісі өлтіру немесе сол сипаттағы кісі өлтіру оқиғаларының саны арта түсті. Мәселен, 2002-жылдың 5 айында мұндай оқиға жалғыз рет орын алса, жалпы 2002-жыл бойына 8 мәрте тіркелген. ІІМ-нің күшімен 7 факт әшкереленді. Ал 2003-жылғы тапсырыспен кісі өлтіру оқиғалары түгелдей дерлік әшкереленді немесе әшкерелену сатысында.
2002-жылы тапсырыспен өлтірілген 8 адамның алтауы коммерциялық құрылымдардың өкілдері . Ал 1 оқиға жәбірленушінің ақшасын тартып алу мақсатымен жасалса, енді бір кісі өлтіру оқиғасы кек алу мақсатын көздеген.
2003-жылы кісі қолынан қаза тапқан 6 адамның үшеуі бизнес өкілі болса, екеуі — Қарағанды және Ақмола облыстарындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың серкелері. 1 кісі өлтіру оқиғасы кек алу мақсатымен жасалды.
2003-жылы орын алған ең аты-шулы қылмыстар ретінде ІІМ баспасөз қызметі 2003-жылдың ақпан айында Алматыда орын алған Қарағандылық «Алаш» ЖАҚ-ның вице-президенті Болат Сафинді өлтіру, 14-ақпанда Шымкентте болған арақ-шарап өндірумен айналысатын «Шаңырақ» ЖШС-нің қожайыны Юрий Кимді өлтіру, сондай-ақ, 27-мамырда Ақтауда қаза тапқан «Мағыстаумұнайгаз» ААҚ-ның салалық бөлімшесі — «Oil transport corporation» ЖШС-нің директорын өлтіру оқиғаларын атады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Спорт
19 Сәуiр