2003-жылы Қазақстанға 422,856 млн. доллардың түрлі мұнай өнімдері импортталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Қазақстанға 422,856 млн. доллардың түрлі мұнай өнімдері импортталды

2003-жылы Қазақстанға 422,856 млн. доллардың түрлі мұнай өнімдері импортталды

2003-жылы Қазақстанға 422,856 млн. доллардың түрлі мұнай өнімдері импортталды. 2002-жылғымен салыстырғанда жанар-жағармай өнімдерін импорттау мөлшерінің өсімі 18 процентті құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, акциздік тауарларды импорттаудың жалпы өсімі 24 процентті құрады, басқаша айтқанда 2002-жылғы 624,684 млн. доллардан 2003-жылы 825,346 млн. долларға дейін өсті. Атап айтсақ, елімізге 341,444 млн. доллардың автокөліктері (импорт өсімі 32 проценттен астам), 16,612 млн. доллардың спиртті өнімдері (25%) , 13,187 млн. доллардың уылдырық өнімдері (10%), 15,510 млн. доллардың сыра өнімдері (42%), 4,346 млн. доллардың зергерлік бұйымдары (25%) енгізілді.

8,847 млн. доллардың темекі өнімдері әкелінді. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 3,6 млн. долларға кем.

Соңғы жаңалықтар