2003-жылы құрылыстағы бағалар 3% өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы құрылыстағы бағалар 3% өсті

2003-жылы құрылыстағы бағалар 3% өсті

Өткен жылы құрылыстағы бағалардың өсуі технологиялық құрылымның барлық элементтерінің: құрылыс-монтаждау жұмыстарының - 4,3%, технологиялық жабдықтың - 1,7%, өзге де жұмыстар мен шығындардың - 1,6% қымбаттауымен байланысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 480
Фото - Caravan.kz

2003-жылы құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар ішінде бағалардың аса көп немесе 8,1% өсуі болат конструкцияларға, 1% төмендеуі жабындық және аражабындық көп қуысты тақталарға байқалған.

Портландцемент 7,2%, тауарлы бетон, құрылыстық құм және асбестцементтік жаймалар — 6-6,5%, ағаш материалдар, силикатты кірпіш пен линолеум — 3,2-3,4%, қыш тақталар — 2,9%, терезе әйнегі — 1,9% қымбаттаған, ал құрылыстық ерітінділер, керамзиттік ұсақ тастар және мастиктер 0,5-0,6% арзандаған.
Республикада құрылыс материалдарының аттас түрлеріне бағалардың өңіраралық айырмашылығы сақталуда. Мәселен, 2003-жылдың желтоқсанында бағалардың аса жоғары және аса төмен мәндерінің алшақтығы болат конструкцияларға 4 есе, шиферге — 3 есе, линолеумге — 2 есе айырмашылықта болды. Салыстыру эталоны ретінде алынған қыш кірпіштің бағасы керамзиттік ұсақ тас бағасынан — 64%, құрылыстық ерітінді бағасынан — 55%, портландцемент пен тауарлы бетон бағасынан — 40-42% жоғары, бірақ силикатты кірпіш бағасынан 14% төмен болған.

Соңғы жаңалықтар