2003-жылы Семей қаласында 1206 төтенше жағдай болып, олардан 511 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Семей қаласында 1206 төтенше жағдай болып, олардан 511 адам зардап шекті

2003-жылы Семей қаласында 1206 төтенше жағдай болып, олардан 511 адам зардап шекті

2003-жылы Семей қаласында 1206 төтенше жағдай болып, олардан 511 адам зардап шекті. Апаттардан 106 адам қайтыс болды. Бұл жайында KZ-today тілшісіне Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Қажыбек Исабаев хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 532
Фото - Caravan.kz

Адам өліміне әкелетін жағдайлардың басым бөлігі жол-көлік апаттарына тиесілі. Апатты жағдайлардан 370 адам зардап шекті. Олардың 37-сі ауыр жарақаттардан көз жұмды.

Өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғалары кезінде 30 адам қазаға ұшыраса, 39 адам суға батып қайтыс болды.
2003- жылы ормандағы өрттердің саны біршама артқаны байқалады. 2002-жылы Семей өңірі бойынша 30 орман өрті тіркелсе, 2003-жылы олардың саны 76- ны құрап, 6 мың 174,7 гектар орман алқабы жанып кеткен. Өрттен келген шығын 2 млн 062,7 мың теңгеге тең.
Жалпы қорытындылағанда жыл ішінде қалада орын алған төтенше жағдайлар 6 млрд 279 млн 38 мың теңгенің шығынын әкелді.

Соңғы жаңалықтар