2003-жылы Семейлік 35 тұрғын ата-аналық құқығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Семейлік 35 тұрғын ата-аналық құқығынан айрылды

2003-жылы Семейлік 35 тұрғын ата-аналық құқығынан айрылды

2003-жылы Семейлік 35 тұрғын ата-аналық құқығынан айрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі қалалық бөлім бастығы Лариса Новикова хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, адамдарды ата-ана болу құқығынан айыруға көбінесе олардың маскүнемдігі мен бала тәрбиесінен қашқақтауы себепкер болуда. Дегенмен 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ата-аналық құқығынан айрылғандар саны сәл де болса азайған. 2002-жылы ондай адамдар саны 40 болған-тұғын.

Л.Новикованың хабарлауынша, сондай-ақ, 2003-жылы кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі қалалық бөлімге барлығы 545 бала, соның ішінде кедей-кепшік отбасынан 380 бала тіркеуге тұрған. «Бұл сан жылдар өткен сайын тұрақты күйінде қалып келеді»,- дейді бөлім бастығы.
Сондай-ақ, 2003-жылы кәмелеттік жасқа жетпеген үш жасөспірім облыстағы арнауы мектептерге жіберілді. Олардың екеуі ұрлық немесе тонаушылық жасаған 14 жасқа дейінгі балаларға арналған Тараздағы арнаулы мектепке, ал енді бірі мінез-құлқында ақауы бар балаларды тәрбиелеуге арналған Серебрянск арнаулы мектебіне жіберілді. 2002-жылы осындай 25 бала арнаулы мектептерге жөнелтілген. «Былтыр арнаулы мектептерге жөнелту қажеттігі туындаған балалар көп болды, бірақ арнаулы мектептерде мүлдем орын жоқ»,- дейді Л.Новикова.

Соңғы жаңалықтар