2003-жылы ТМД елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі 10 жылдық мерейтойын атап өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы ТМД елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі  Мемлекетаралық кеңесі 10 жылдық мерейтойын атап өтеді

2003-жылы ТМД елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі 10 жылдық мерейтойын атап өтеді

2003-жылы ТМД елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл туралы бүгін, 15-шілдеде Алматыда басталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің 17-отырысында РФ азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзала зардаптарын жою жөніндегі министрінің орынбасары Юрий Бражников атап көрсетті.

  • 15 Шiлде 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

Өткен 10 жылда ТМД елдері арасында тығыз ынтымақтастық орнағанын тілге тиек еткен Ю.Бражников бұл жолы Алматыда ұйым алдындағы тәжірибелік міндеттерді шешудің жаңа сапалық деңгейіне көтерілуге жағдай жасалатынын жеткізді.

Ю.Бражниковтың айтуынша, «жуырда ғана ұйым Қырғызстандағы көшкіннен кейін бірлесіп қол ұшын берді, сондай-ақ, Қазақстандағы жер сілкінісіне де жәрдемдесуге әзірлік танытты. Қазіргі жағдаймен ТМД күштерінің корпусы мен басқа да ұйымдар қолдан келгенінше қол ұшын беруде. Бұл тек қағаз бетінде ғана жазылған ұйым емес, нақты істер атқарып отырған ұйым»,- деді ол.
Қырғызстанның экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сатыбалды Чырмашевтің айтуынша, дәл қазір ТМД елдері үшін өзара түсіністік пен қолдау-жәрдемнің маңызы зор. ТМД елдеріндегі төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі ұйымдардың болашақ ынтымақтастығы тек адамдар өмірін құтқаруда өзара тізе қосуға мүмкіндік беріп қана қоймай, табиғат пен биосфераны бірлесіп қорғауда да септігін тигізбек.
ТМД елдерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі үкіметаралық Келісіміне сәйкес 1993-жылдың 22-қаңтарында құрылған.

Соңғы жаңалықтар