Биылғы қаңтар айында азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ке, азық-түлік емес тауарларға — 0,1%-ке, ақылы қызметтерге — 0,2%-ке көтерілді.
Агенттік ақпапарытна сәйкес, азық-түлік базарларында өткен айда бағаның өсуі бидай ұнына — 4,8%, нанға — 2,4%, макарон өнімдеріне — 1,7%, жармаға — 0,8% байқалды. Ет өнімдеріне бағаның өсуі 0,3%-ті құрады. Құс еті 1,6%-ке қымбаттаса, шошқа еті 0,6%-ке арзандаған. Баға деңгейі сүт өнімдеріне 1,4%-ке (қаймаққа-0,8%-ке, айранға — 1,2%, сүт пен ірімшікке — 2,1%) өсті. Көкөністердің бағасы 4,1%-ке, балық — 1%-ке, шәйға — 0,4%-ке, қантқа — 0,2%-ке, май және тоң май өнімдеріне — 0,1%-ке қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 0,1%-ке арзандау ағымы байқалды.
Азық-түлік емес тауарлардан баспа басылымдарына бағаның өсуі 0,7%-ті, киімге — 0,6%-ті, жуғыш заттар мен аудиовизуальдық жабдыққа- 0,5%-ті, аяқ-киімге, тұрмыстық тоқыма бұйымдарына, ыдыс-аяққа, маталарға — 0,4%-ті, жеке гигиена тауарларына, жиһазға және кілем бұйымдарына — 0,3%-ті, фармацевтика өнімдеріне — 0,2%-ті құрады. Бензин бағасы 3,8%-ке төмендеді.
Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу 0,9%-ке, көлік — 0,7%-ке, байланыс және қызмет — 0,3%-ке өсті. Тұрмыстық-коммуналдық қызметтердің тарифі 0,1%-ке төмендеді.