2004 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 8% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 8% құрады

2004 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 8% құрады

2004 жылдың үшінші тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы, экономикалық н белсенді халық саны 7,9 млн. адамды құрады. Бұл өткен жылдың тиісті тоқсанындағыдан 68,6 мың адамға немесе 0,9%-ға көп. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 16 Қараша 2004
  • 588
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, республика экономикасында 7,3 млн. адам жұмыспен қамтылған болатын, бұл 2003 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 76,3 мың адамға немесе 1,1%-ға артық, соның ішінде еркектер — 3,8 млн. адам, әйелдер — 3,5 млн. адам. Қалалық жерде жұмыспен қамтылғандардың саны 4,1 млн. адамды (жұмыспен қамту деңгейі — 91,1%), ауылдық жерде — 3,2 млн. адамды (44,3%) құрады.

Жұмыспен қамтылғандар арасында жалдамалы қызметкерлер саны 4,5 млн. адамнан асып түсті (жалпы саннан 61,8%), одан ірі және орта кәсіпорындарда 2,5 млн. адам (55,8%) жұмыс істеді. Жалдамалы қызметкерлердің 81%-ынан астамы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, 12%-ы — жеке тұлғаларда, 7%-ы — шаруа (фермер) қожалықтарында еңбек етті. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 2,8 млн. адамды құрады (38,2%).
Жұмыспен қамтылғандар ішінен 1,3 млн. адам (олардың жалпы санынан 17%) өнеркәсіп кәсіпорындарында және құрылыс ұйымдарында, 2,5 млн. адам (34%) ауыл және балық шаруашылығында, ал 3,5 млн. адам (49%) қызмет көрсету саласында жұмыс істеді.
Жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмағандар, оны белсенді іздегендер, жұмысқа кірісуге әзір болғандар) 2004 жылдың үшінші тоқсанында 634,2 мың адамды құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты 7,7 мың адамға (1,2%-ға) қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 8% (2003 жылғы үшінші тоқсанда — 8,2%) құрады. Жұмыссыздардың жалпы санынан әйелдер саны 370 мың адамды (59%), еркектер — 264,2 мың адамды құрады (41%).
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2004 жылдың қазанының соңына 126,8 мың адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,6% болды.

Перейти к новостям спорта