2004 жылғы Алматыдағы техникалық байқау 30-қазанға дейін өткізіледі - Алматы қалалық жол полициясы басқармасы техникалық инспекциясының бастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004 жылғы Алматыдағы техникалық байқау 30-қазанға дейін өткізіледі - Алматы қалалық жол полициясы басқармасы техникалық инспекциясының бастығы

2004 жылғы Алматыдағы техникалық байқау 30-қазанға дейін өткізіледі - Алматы қалалық жол полициясы басқармасы техникалық инспекциясының бастығы

2004 жылғы автокөлік құралдарының Алматыдағы техникалық байқауы 1-қаңтар мен 30-қазан аралығында өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық жол полициясы басқармасы техникалық инспекциясының бастығы Ғалымғазы Нұрғазин хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Ғ.Нұрғазинның айтуынша, бүгінде қалада «Алматы Гарант Сервис» ЖАҚ, «КазКоТранс» ЖШС, «Транс Сервис» ЖШС, «Алматы «Камаз» Автоорталығы» және «Автомеркур» ЖШС тәрізді бес диагностикалық бөлімше жұмыс істейді.

Меншік түріне қарамастан, көлік құралдары жаппай мемлекеттік техникалық байқаудан өтеді, деді Ғ.Нұрғазин. Оның хабарлауынша, техникалық байқау тәртібіне биыл кейбір өзгерістер енгізілген. Мәселен, зауыттан 2004-жылы ғана шыққан су жаңа көліктер де ортақ тәртіппен байқаудан өткізіледі.
Сондай-ақ, жанармай және көгілдір отын тәрізді қауіпті заттар тасымалдаушы және жарылу қаупі бар көліктер, 5 тоннаға дейінгі шағын автобустар мен жай автобустар мемлекетік техникалық байқаудан өтпес бұрын міндетті түрде таңбалануы тиіс.
Жол полициясы басқармасындағылардың атап көрсетуінше, белгіленген мерзімде техникалық байқаудан өтпеген барлық көлік құралдарының қожайындарына 5-7 айлық есепті көрсеткішке тең мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар